Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, үш ересек адам мен төрт бала жапа шекті

0
1 202

Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.


Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, үш ересек адам мен төрт бала жапа шекті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында жеке үйде газ баллоны жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«20 қараша күні 20:50-де Шығысы Қазақстан облысы Аягөз қаласында жеке үйде 5 литрлік газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан үйдің қабырғасы құлап, төбесі опырылып түскен», - деп хабарлайды ведомство.

Ауруханаға жарылыстан жапа шекен жеті адам жеткізілген. Оның төртеуі – бала, үшеуі - ересек адам. Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Газ баллоны не себепті жарылғаны анықталып жатыр.