ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елдің валюта нарығындағы жағдайға баға берді.
ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елдің валюта нарығындағы жағдайға баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Сәуірдің басында қор нарығының құлдырауы нәтижесінде ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылмалылығын көрсетті», - деп еске салды ол.
Оның айтуынша, жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды.
«Жалпы алғанда Ресейдегі оқиғаларға реакцияны біз қысқа мерзімді қалыпты деп бағалаймыз», - деді Д. Ақышев.