Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
фото www.mambolook.com
Қазақстанда алдағы үш күн – 29-31 мамыр аралығында ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Today.kz сайтына сілтеме жасап.
27 мамырда Ақмола мен Павлодар облыстарына жаңбыр мен қар түсірген суық арктикалық фронттар республиканың шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысына қарай жылжиды.
Алдағы үш тәулікте осы аудандарда жаңбыр күтіледі, шығыста түнде ылғалды қар жаууы мүмкін.
"Қазақстанның батыс бөлігіне жылжыған антициклон қысқа уақыт ішінде жаңбырды тыяды. Антициклонды Орал ауданында араласып кететін суық фронттың келесі бөлігі алмастырады", – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Елдің солтүстігінде қайтадан жаңбыр жауады, тіпті ылғалды қар да түсуі мүмкін. Оңтүстікте қысқа жаңбыр күтіледі.