Азия пара ойындары: Тағы бір таэквондошымыз қола медаль еншіледі

0
1 074

Үшінші орын таласта отандасымыз жапондық балуан Акира Итоны жеңді.


Азия пара ойындары: Тағы бір таэквондошымыз қола медаль еншіледі

Әлішер Гариполлаев Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық Әлішер Гариполлаев пара таеквондодан қола медаль жеңіп алғанын хабарлайды.

Үшінші орын таласта отандасымыз жапондық балуан Акира Итоны жеңді. Жекпе-жек 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Бұған дейін Қазақстан таэквондошысы Нұрлан Дамбаев Азия пара ойындарында қола медаль иеленген болатын.