БАӘ-де мерт болған қазақстандық қыздардың әкесі: “Біз олардың қалай өлтірілгенін білмейміз“

0
89

БАӘ полициясы мәйіттерді әкесі туыстық байланысты дәлелдеу үшін ДНҚ тестінен өткеннен кейін ғана берген.


БАӘ-де мерт болған қазақстандық қыздардың әкесі: “Біз олардың қалай өлтірілгенін білмейміз“

фото: кtk.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалар Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрек тоқтауынан қайтыс болды. Мәйіттері сенбіге қараған түні отанына жеткізілген қазақстандық қыздардың құжаттарында өлім себебі осылай көрсетілген, деп жазады tengrinews.kz.

БАӘ полициясы мәйіттерді әкесі туыстық байланысты дәлелдеу үшін ДНҚ тестінен өткеннен кейін ғана берген. Мейрам Боханов қайтыс болған қыздарын тек Қазақстанда, жерлеу рәсімі алдында ғана көре алды.

"Мешітте ғана беттерін аштым. Ағам екеуміз көрдік: өз қыздарымыз... Анасы көрген жоқ. Олардың жарқын бейнесі мен бақытты сәттері жадында қалсын дедік", - деді Мейрам Боханов.

Былтыр желтоқсанда Шарджаға жұмыс істеуге кеткен екі жас қыздың өмірі не себепті қиылғаны ата-анасына әлі де беймәлім. Қазір олар Ақжан мен Жұлдыз байланысқа шықпай қалған екі апта бұрынғы сұмдық оқиғаның мән-жайын біртіндеп жинақтап жатыр.

"Жүрегі тоқтаған дейді. Олардың қалай өлгенін немесе қалай өлтірілгенін нақты білмейміз. Интернетте тарап жатқан ақпараттың бәрі - өтірік! Сенбеңіздер! Сараптаманың ресми қорытындысы шыққанда ғана нақты айта аламыз", - деді қыздардың әкесі.

Бұған дейін іс бойынша күдікті анықталып, ұсталғаны белгілі болды. Әкесінің айтуынша, күдікті Қазақстан тумасы.

Қыздардың бірі небәрі 20 жаста, екіншісі 22-де болған. Олардың мәйіті жалдамалы пәтерден табылды. Олар Шарджаға нәпақа іздеп кеткен. Ата-аналарының айтуынша, қыздар онда сұлулық салонында жұмыс істеген.