Бағаның күрт көтерілуінен секем алған агенттік қызметкерлері "Шарбақты-Құс" және "Павлодар құс" кәсіпорындарын ауқымды тексеруден өткізді.
Монополияға қарсы агенттік өкілдері Павлодар құс фабрикаларына осындай айып тақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Енді құс өнімінің құнын қолдан шарықтатқан кәсіпкерлер миллиондаған айыппұл арқалауы мүмкін. Бағаның күрт көтерілуінен секем алған агенттік қызметкерлері "Шарбақты-Құс" және "Павлодар құс" кәсіпорындарын ауқымды тексеруден өткізді.
Нәтижесінде олардың алдын ала сөз байласып көтерме бағаны өнімнің өзіндік құнынан асырып жібергені анықталған.
"Монополияға қарсы заңнама бұзылды" деген мамандар құс фабрикаларына заң бұзушылықты жою және ірі көлемде айыппұл салу жөнінде талап жіберіпті.
Алайда мұндай шешіммен келіспеген кәсіпкерлер арнайы комиссияға жүгініп отыр.
"ШарбақтыҚұс" кәсіпорнына шамамен 3 миллион теңгеге жуық айппұл салынады. "ПавлодарҚұс" фабрикасына 19 миллион теңге айппұл қарастырылған. Әрине, бұл келісім комиссиясы қолдаса ғана. Бірақ әрбір құс фбарикасы заңды тұлға саналады. Сондықтан олардың шешіммен келіспей шағымдануға құқығы бар, - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы департаментінің жетекшісі Бейбіт Молдабеков.