Заң жобасын енді сенат депутаттары қарастырады.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.
Онда интернет сапасы қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, айыппұл сомасы ұлғайтылады. Осылайша әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылады.