Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада қайта жалғасады

0
321

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы биылғы 11 тамызда басталды.


Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада қайта жалғасады

ERNUR.KZ. Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қараша қайта жалғасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы биылғы 11 тамызда басталды.

Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Ал, кеше, 31 қазанда өткен сот отырысында прокуроратура өкілі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.

Сондай-ақ, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевты 7 жылға, пара беру күдігіне ілінген Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Бірақ, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың адвокаттары прокуратура өкілінің айыбымен келіспейтінін білдірді.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылғы наурызда тағайындалған еді.

Былтырғы желтоқсанда ол тергеу изоляторына қамауға алынды.

Осыған байланысты биылғы тамызда облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Алғашқы сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасып, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары жіберген қателігі туралы айтты.

Бұдан кейінгі сот отырысында басқарма басшысы оған жала жапқанын жеткізген еді.

Кейін Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберілмегенін жазған болатынбыз.