Бақытжан Сағынтаев: Алматының даму болашағы алаңдатады

0
867

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев ерекше алаңдайтынын мәселені айтты.


Бақытжан Сағынтаев: Алматының даму болашағы алаңдатады

ERNUR.KZ. Алматы кәсіпкерлерінің V конференциясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланың қаржылық орталық мәртебесі туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Кеше Мемлекет басшысының жолдауын тыңдадық. Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға жаңа көзқарас қажет болды. Бір кездері заң қабылданды. Ол елорданы көшіру кезінде декларативті болды. Егер біз қаланы дамытқымыз келсе, онда бұл заңды өзгерту қажет деген ұсыныс жасадым. Кеше мен парламент мәжілісінің спикерімен сөйлестім, жақын арада өзгертулерді ұсынамыз. Сондықтан мен бизнес-қауымдастығына жүгінемін: сіздер бизнес-диалог аясында атсалысуларыңыз керек. Заңға сәйкес ерекше мәртебемізді алу үшін бізге қандай жайттарды қосу қажет. Мемлекет басшысы тапсырма берді, біз осыны пайдаланып, тез арада іске кірісуіміз керек», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, жиында сөз сөйлеген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы Елена Бахмутова, 2011 жылы аймақтық қаржылық орталық туралы жоба тоқтағанына қарамастан Алматы әлі де халықаралық қаржы орталығы болып қала беретінін айтты.

«2019 жылы наурыз айында жарияланған әлемдік қаржылық орталықтар индексінде, Орта Азиядағы көш бастап тұрған қаржылық орталықтардың ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан бар. Сонымен қатар, әлемдік банктің «Doing business» индіксінде Алматы барлық Қазақстанның іскерлік дамуының көрсеткіші болып табылады»,– деді Елена Бахмутова.

Осы орайда, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге ерекше алаңдайтынын айтты.

«Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді 3 жылға босату туралы айтты. Ал Алматы қаласында салықтың 64 %-ы дәл осы шағын және орта бизнестен түседі. Енді банктер елордаға көшсе, олармен клиенттер де кетеді. Сондықтан, мені қазір Алматының даму келешегі алаңдатады»,– деді қала әкімі.