Балақайлар бүлдіршін қызға таласып қалған
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде балабақшада төбелескен кішкентай балалардың видеосы тарап кетті. Балақайлар бүлдіршін қызға таласып қалған, деп жазады NUR.KZ.
"Лезгинкаға" билеп жүрген қыз балаға қол жеткізу үшін төбелескен балақайлар көпшіліктің көңілін көтерген. Видеодан төрт-бес жасар екі ұлдың қызбен билеу үшін текетіресіп жатқанын көруге болады.
"Қызға таластың қанша жастан басталатыны белгілі болды", "Кіп-кішкентай болып алып, қызға қырындауды қайдан біледі мыналар?!", "Тоқтаусыз күліп алдым-ау".
"Мен де осылай қызға таласып, ұстаз бұрышқа тұрғызып қойған еді", "Жылап қалмай, намысқа тырысып жүр ғой", "Тойдағы төбелес жайына қалды, мына видеоның жанында" деп жарыса жазды оқырмандар.
Айта кетейік, видеоның қай елден, қай өңірден түсірілгені белгісіз.