Балабақшадан тағы да шу шықты

0
1 795

Ақтөбеде балабақшаға барған үш жасар бүлдіршін көк ала қойдай болып қайтты


Балабақшадан тағы да шу шықты

фото:NUR.KZ.

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде шу шықты. Таңертең ғана балабақшаға сап-сау барған үш жасар қыз үйіне беті жара күйінде қайтқан. Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің жағдайы туралы ата-анасына хабар бермеген. Баласын алып кетуге келген кезде ғана ата-анасы қыздарының бетінің қып-қызыл болып кеткенін көріпті, деп жазады NUR.KZ.

"27 тамыз күні баланы сап-сау қылып Алтынсарин көшесіндегі "Бал бала" балабақшасына апардық. Алып кетуге келгенде тәрбиешілер қыздарыңыздың бетінде аллергия деп отыр. Біздің қолымызда дәрігердің құлаған деген анықтамасы бар", - деген ата-ана қыздарының жағдайын әлеуметтік желіге жариялап жіберді.

Ал жеке балабақшаның меңгерушісі беті қызарған бүлдіршінге "спасатель" жақпа майын жаққандарын айтады.

"Сол күні үш жастағы баланы қабылдаған кезде бетінде қызарулар болған жоқ. Кейін көзі мен мұрнының асты қызара бастады. Мен өзім таңғы ас алдындағы тексеріс кезінде сондай белгілерді көрдім. Тәрбиеші медбикені шақыратынын айтты. Баланың бетіндегі қызарғандар аллергияға ма, ұшыққа ма ұқсайды. Балаға "спасатель" майын жағып бірінші көмек берілді.
Түстен кейін беті қатты қызарып кетті. Әжесі бір күн бұрын баланың әткеншектен құлағанын айтты. Біз жарақаттың неден болғанын білмейміз. Ата-анасына іштегі бақылау видеолары көрсетілді", - дейді "Бал бала" балабақшасының меңгерушісі Әсем Маратқызы.

Балабақша меңгерушісі бүгін ата-анамен бірге дәрігерге қайта баратынын айтты.