Баланың басынан ұрған: ақтөбелік тәрбиешінің әрекеті жұртты шошытты

0
1 894

Жауап беруге қиналған сәбиге айқайлап, жұдырықпен ұрған.


Баланың басынан ұрған: ақтөбелік тәрбиешінің әрекеті жұртты шошытты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі баланың басынан ұрған, - деп жазады tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода тәрбиеші тақтаның жанында тұрған қызға айғайлайды. Әйел адам баланы әріп көрсетуге мәжбүрлейді, бірақ қыз жауап беруге қиналады. Тәрбиеші оған айғайлайды. Кейінірек тәрбиеші қажетті әріптерді көрсету үшін тақтаға баланы шақырады. Осы кезде тәрбиеші басқа қызға жақындап, оны құлағынан тартып, тақтаға сүйреп басынан жұдырықпен ұрады.

"Қара, Бұл O әрпі емес, У!",- деп айғайлайды әйел балаға.



Ақтөбе облыстық білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға Батамша ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында болған.

"Шыныменде 2018 жылы қыркүйекте Қарғалы ауданында болды. Тәрбиеші осы оқиғадан соң жұмыстан босатылды. Мекеме меңгерушісі де сөгіс алды", - дейді білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.