Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыға қылмыстық іс қозғалды

0
3 107

Ақмола облысы балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан.


Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыға қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыға қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Соның нәтижесіне қарай марқұм сәбидің ата-анасымен қоса дәрігерлер де жауапқа тартылуы мүмкін екен.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергептексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды".ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқанын хабарлаған едік. Дәрігерлер қан құймаса, баланың жағдайы нашарлай беретінін әке-шешесіне ескерткен. Ал ерлі-зайыпты мұның діни ұстанымына қарама-қайшы екенін айтып, рұқсатын бермей қойған. Дәрігерлердің сөзінше, "Йегова куәгерлері" ағымындағы ата-ана "біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең" деп жауап берген. Артынша, науқастың жағдайы күрт ауырлап, ауруханада жан тапсырған.