Судың деңгейі орташа есеппен 32 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,87 метрге дейін жеткен болатын.
фото: Акимат Карагандинской области
ERNUR.KZ. Балқаш көлінің суы тағы көтерілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылы қаңтар-маусым айларында көлдегі судың деңгейі орташа есеппен 32 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,87 метрге дейін жеткен болатын. Былтырдан бері көлдің деңгейі тағы көтерілді.
"Балқаш көліне су жіберу жұмыстары жалғастырылды. 2025 жылдың қазанынан бастап биылғы сәуірге дейін Қапшағай су қоймасынан 3,7 млрд текше метр су жіберілді. Бұл Балқаш көлінің су деңгейін 29 сантиметрге көтеруге мүмкіндік берді", - деді Нұржігітов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, Қазақстандағы екі АЭС Балқаштың маңайында салынады.


