Адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
фото: Sergek Group
ERNUR.KZ. Петропавлдағы "Сұлтан" фабрикасында жұмысшы қаза болды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 12 қазан түнгі сағат 3-те болды. Жұмысшы қамырды тазарту кезінде қаза болған.
"Кәсіпорынның 35 жастағы қызметкері өндірістік қондырғының ішіне құлап кеткен. Адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды СҚО полициясы.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.


