Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде осы жылдың статистикасы негізінде банкрот атанған жеке тұлғалардың портретін жасады, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүргендердің 58%-ы ер және 42%-ы әйелдер.
Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста.
"Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі.
Сондай-ақ, ҚНРДА-мен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.


