Енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Астанада жеті көше қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілді, - деп жазады tengrinews.kz.
Өзгеріс енгізілген бағдаршамдар тізімі:
- Керей, Жәнібек хандар – Әл-Фараби;
- Рысқұлов – Мәңгілік ел;
- Сұлтан Бейбарыс (№106 мектеп маңы);
- Құсмұрын – Қайнар (№68 мектеп маңы);
- Қараменде би Шақаұлы – Земляничная;
- Тәуелсіздік – Қошқарбаев;
- Тәуелсіздік – Байтұрсынов.
Полиция мәліметінше, осы қиылыстарда енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады. Бұл маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылыстан толық шығуға мүмкіндік береді.
Жүргізілген талдауға сәйкес, бағдаршамдарың жұмыс режимін түзеткеннен кейін жол-көлік оқиғалары азайған.


