Бас прокуратура сот үімімен жазасын өтеп жүрген 800 мүгедектерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ұсынды

0
1 240

Сотталушылардың арасындағы өлімнің өсуіне назар аударылды. Бүгінгі күнде түзеу мекемелерінде 756 мүмкіндігі шектелген, 25 ісік ауруына шалдыққан және дербес жүріп-тұра алмайтын 4 адам бар.


Бас прокуратура сот үімімен жазасын өтеп жүрген 800 мүгедектерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ұсынды

Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен қылмыстық жазалардың орындалуы кезінде заңнаманың сақталуына және «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Дін істері және Ақпарат министрі, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев пенитенциарлық жүйедегі орын алған кемшіліктерге және онда нақты реформалардың жүргізілуі қажет екеніне назар аударды.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулер заңдылықты қамтамасыз ету мен қамаудағылардың құқығын қорғауда проблемаларды анықтады.

Қайрат Қожамжаров азаптаудың алдын алу мен ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы орайда, ІІМ-не түзеу мекемелеріндегі режимді қамтамасыз етудің тетігін жетілдіру бойынша тапсырма берді.

«Әрбір түскен шағым бойынша әрекеттер бірыңғай алгоритмін дайындау қажет», - деді Бас Прокурор.

Сотталушылардың арасындағы өлімнің өсуіне назар аударылды. Бүгінгі күнде түзеу мекемелерінде 756 мүмкіндігі шектелген, 25 ісік ауруына шалдыққан және дербес жүріп-тұра алмайтын 4 адам бар.

Осыған орай, Бас Прокурор Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктеріне Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімдерінен бұрын босату үшін аурулар тізімін қайта қарауды тапсырды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне шамамен 800 сотталған- мүгедектерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ұсынылды.