Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ERNUR.KZ. БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді, деп жазады tengrinews.kz.
Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз заттарды анықтады.
"Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі шолақ мылтықты, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты", - делінген хабарламада.
Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленгені айтылды. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 шолақ мылтық, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар.
Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынған, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған.