Батыс Қазақстанда екі айлық сәби ауруханада көз жұмды

0
587

Дәрігерлер сәбиді қарап, талдаулар алып, рентгенге түсірген.


Батыс Қазақстанда екі айлық сәби ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. Оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болды, деп жазады inbusiness.kz.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Тимур Мұсағалиевтің айтуынша, екі айлық қыз бала жедел жәрдеммен таңғы сағат 05.00-те жеткізілген.

"Дәрігерлер сәбиді қарап, талдаулар алып, рентгенге түсірген. Тиісті ем-домдар, жансақтау шаралары жасалғанымен, сәби сағат 07.35-те көз жұмды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Соның қорытындысы шықпай тұрып, өлімнің неден болғанын айта алмаймыз", - деді Т.Мұсағалиев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, адам өлімінің дерек ретінде тіркелгенін жеткізді.

"Сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомстводан.