Бауыржан Омарбеков ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

0
859

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған.


Бауыржан Омарбеков ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ менеджері қызметінен бастаған.

2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2015 жылы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.

2016-2018 жылдары — ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары.

2018-2021 жылдары — Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі.

2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.