Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.
Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.
2000-2001 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы болып жұмыс істеді.
2001-2003 жылдары - Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі.
2002 жылдан 2003 жылға дейін "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті болды.
2003-2005 жылдары Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарды.
2005-2007 жылдары - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
2008 жылғы ақпан-тамыз аралығында Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.
2008-2012 жылдары - Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.
2012 жылдан 2016 жылға дейін әділет министрі қызметін атқарды.