Осыдан бірнеше күн бұрын бұл қызметке Нұрмұхамед Байғараев тағайындалған еді.
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Осыдан бірнеше күн бұрын бұл қызметке Нұрмұхамед Байғараев тағайындалған еді. Алайда ол денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды.