Спорт кешені басшылығының айтуынша, бассейннің суын ауыстыру тым қымбат.
ERNUR.KZ. Ақтөбенің ең үлкен бассейнінде бес жыл бойы су ауыстырылмаған, деп жазады tengrinews.kz.
Спорт кешені басшылығының айтуынша, бассейннің суын ауыстыру тым қымбат. Сол себепті жай ғана хлорлап келген.
Айта кетейік, Ақтөбе бассейнін тексеру туралы мәселе қарашаның басында көтерілген болатын. Ата-аналар бассейнге келген балаларда суда хлордың тым көп болуына байланысты аллергиялық бөртпе, жөтел пайда бола бастады деп шағымданған.
Сондай-ақ, жазда дәл осы "Достық" спорт кешенінде жарыс кезінде 12 қатысушы ауырып, ауруханаға жеткізілген. Оларда реактивті затпен уланған деген болжам болған.
Телеарна мәліметінше, енді басшылық үнемдеу мақсатында бес жыл бойы бассейн суын ауыстырмағаны белгілі болған.
"Су соңғы рет 2017 жылы ауыстырылды, су ауыстыру - өте қымбат процесс. Сүзгілер жақсы жұмыс істейді. Бірақ біз қазір сүзгілерді де тексеріп жатырмыз. Ал су ауыстыру 7 миллион теңге тұрады", - дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әділбек Дильжанов.