Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.
Фото: ДСМ
ERNUR.KZ. Абай облысының Үржар ауданына жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға тасымалдау үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты ұшып барды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Балаларға көмек көрсетуге еліміздің ғылыми медициналық орталықтарының үздік мамандары тартылды.
Айта кетелік кеше Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанған еді. Бүгін зардап шеккен балалардың жағдайы туралы жазған едік. Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары.