Toyota Camry 60 автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 25 мамырда "Самара – Шымкент" тасжолының 507-шақырымында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, Toyota Camry 60 автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатының салдары видеоға түсіп қалған.
"Жол апатының салдарынан Toyota Camry 60 автокөлігінің бір жолаушысы және Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктен тағы үш адам, ауруханаға жеткізілді", – деді ведомство өкілдері.