Білім бөлімінде 680 млн теңге ұрланды – ұсталған әйел бәрін жайып салды

0
371

Білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған.


Білім бөлімінде 680 млн теңге ұрланды – ұсталған әйел бәрін жайып салды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ұсталған аудандық білім бөлімнің басшысы бас прокурорға хат жазып, бюджет қаржысын жымқыруға қатысқан басқа да қызметкерлердің аты-жөнін жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу материалына сәйкес, Ләззат Қаткеева орта мектептерде ресми түрде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аударып келген. Осылайша, білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған. Шенеунік әйел онымен тоқтамай, өзінің лауазымын пайдаланып, көлік жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы етіп жұмысқа орналастырған. Сөйтіп, тағы 5 миллионға жуық теңгенің айлығын аударған.
Қаткееваның қолына кісен салынғаннан кейін әлеуметтік желіде бас прокурорға арнап жазған хаты тарады. Онда бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар өзге қызметкерлердің барын айтқан. Хат соңында Қаткеева аштық жариялайтынын жазып, соған итермелеген адамдардың атын атапты.