"Бірі мені ұрып, екіншісі боқтады": Елге оралған қандас Солтүстік Қазақстаннан кетіп қалды

0
719

​Жергілікті биліктің көзқарасынан қорланған және азаптанған Ираннан оралған қандас қоныс аударған уақыттан бір ай өткен соң Сергеевка елді мекенінен кетіп қалды.


Оның сөзінше, өркениеттің биік шыңын уәде еткен өмір тек ауызша айтылған құрғақ сөз болып қала берген. Кейіннен ол өз тарапына жағымсыз пікірлерді де естіген, деп жазады Stan.kz.

"Бірі менімен төбелессе, ал екіншісі боқтады. Менің отбасым қайта Иранға оралғысы келеді. Бізге мұндай қорлықтың қажеті жоқ", – дейді Ираннан оралып Шал ақын ауданының Сергеевка мекенінен қоныс тепкен қандас.

Арада бір ай өткеннен кейін ол Солтүстік Қазақстанды тастап кетті. Бұдан былай ол танымайтын адамдардың сөзі мен уәдесіне сенбейтін болған.

"Ақтаудағы туыстарымыз шақырды. Олар біздің мұндағы өміріміздің оңалып болмағанын көріп отыр. "Нені күтіп отырсың? Берген үйлері де қирап тұр, оның үстіне сені боқтықтың астына алады, жұмыс та жоқ. Бізге кел", – дейді олар", – деп жеткізеді туыстарының сөзін Хамит.

Алайда қоныс аударған қандастардың сөздерінің растығына барлығы бірдей сенбейді. Мұндай үлкен ауқымды көшу ешкімге оңайға соқпайды. Тілдік, климаттық, экономикалық бейімделу және әлбетте ұлт ішілік менталитет. Бірақ олар шамадан артық қырсықтық пен еркелікті көрсетіп отыр деп ойлайды "Республика - Аймақ - Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ.

"Ұлыбританияға барған ауған қазақтары да кері қайтуда. Олардың да айтар уәжі бір: ананы бермеді, мынаны бермеді дегендей. Бұл жерде сірә билікті біршама жұмсартуға деген, үлкен қалаларда жақсы өмір сүру нұсқаларын табуға деген ниет бар секілді. Саудаласып отыр", – дейді ол.