Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл процестің қалай жүзеге асатынын айтып берді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Оның сөзінше, пәндерді біріктіру сарапшылардың ұсынысымен жүзеге асып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Бірнеше жылдан бері мектептерде Алгебра мен Геометрияны, сондай-ақ Химия, Биология, Физика піндерін
"Жаратылыстану" бағытында біріктіріп оқыту тәжірибесін енгізу ұсынылып келеді.
Еліміздің бас ұстазы пәндерді біріктіру немесе кіріктіріп оқыту бағдарламасы 20 өңірде пилоттық жоба ретінде енгізіле бастағанын растады. Жақында аталмыш жоба қай мектептерде жүзеге асатыны анықталады.
“ Көтерілген мәселе пилоттық жоба ретінде енгізіліп жатыр. Сарапшылардың ұсынысы бойынша әсіресе, алгебра мен геометрияға қатысты әріптестерден көптеген сұрақ туындаған болатын. Бұл жаппай ауқымды енгізу дегенді білдірмейді. Әлемдік үрдісте де бар. Пәнаралық байланыс, пәндерді кіріктіріп оқыту мәселесі де бүгін басталған жоқ , – деп нақтылады Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша, пилоттық жоба өз нәтижесін көрсетсе, ары қарай жалғаса түседі. Ал сәтсіз шықса, бұрынғы тәжірибеге оралуға тура келеді. Бейсембаев жобаны іске асырғанда мұғалімдердің жұмыссыз қалмайтынын ерекше атап өтті.