Бишімбаевтың сотына Ксения Собчак келді

0
577

Ресейдің танымал тележүргізушісі Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша арнайы бағдарлама түсірмек.


Бишімбаевтың сотына Ксения Собчак келді

ERNUR.KZ. Бүгін, 22 сәуір күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа ТМД елдеріндегі танымал журналист, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген.

Оның «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар. Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін Собчак соғысқа қарсы шығып, уақытша елден кеткенін мәлімдеген.