Бизнесмендер 12 проценттік кредит ала алады – Бектенов

0
143

Бұған экономикаға салынатын қаржының көлемін екі есеге арттыру есебінен қол жеткізіледі.


Бизнесмендер 12 проценттік кредит ала алады – Бектенов

фото/ Наталья Селиверстова

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов парламент палаталарының бірлескен отырысында отандық кәсіпкерлерге 12,6 проценттік кредит берілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Бектеновтың айтуынша, экономикаға салынатын қаржының көлемін екі есеге арттырудың арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен кредит ала алады.
"Бүгінде ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі жоғары. Ал екінші деңгейлі банктерде берілетін кредиттің мөлшерлемесі 20 проценттен асады. Ондайда бизнеске кредит төлеу ауырға түседі. Осыған байланысты біз 12,6 процентке дейін арзандатып отырмыз",-деді Бектенов.
Айта кетері, былтыр "Бәйтерек" холдингі арқылы экономикаға шамамен 4 трлн теңге салынса, биыл кем дегенде 8 трлн теңге құйылады деп жоспарланып отыр.