Ауруханада таңғы астан құртқа ұқсас нәрсе табылды

0
1 564

Оқиға орын алған бойда жедел кезекші дәрігерге, бөлім меңгерушісіне, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасарына хабарланып, аталған асқа акт жасалып, санитарлық сараптама орталығына жіберілді


Ауруханада таңғы астан құртқа ұқсас нәрсе табылды

ERNUR.KZ. Жаңақала аудандық орталық ауруханасында таңғы астан құртқа ұқсас нәрсе табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аурухана директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, оқиға кеше орын алды. Тамақ ішу кезінде науқас әйел тарелкасынан құртқа ұқсас нәрсені байқап қалып, ас таратушыға кері қайтарған. Таңғы асқа бидай ботқасы берілген. Оны кезекші дәрігер өзі тексеріп. сынамасын алғаннан кейін тамақ науқастарға үлестірілген.

Оқиға орын алған бойда жедел кезекші дәрігерге, бөлім меңгерушісіне, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасарына хабарланып, аталған асқа акт жасалып, санитарлық сараптама орталығына жіберілді.

«Жылдың басында Жаңақала аудандық орталық ауруханасына тамақты тасымалдаушы ретінде аутсорсинг тәсілімен «Жанали» ЖК анықталған болатын. Оқиға орын алғаннан кейін «Жанали» ЖК басшылығы ауруханаға шақырылып, науқастармен сөйлесіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Егер сараптама қорытындысына сәйкес әкелінген тамақ талапқа сай болмай, бөгде нәрсе анықталатын болса, ауруханаға дайын тамақ тасымалдаушы «Жанали» ЖК-мен келісімшартты бұзу жөнінде арыз түсіріледі, бұл жөнінде кәсіпкерлікке хабарлама жіберілді. Сараптама қорытындысы алынған уақыттан бастап есептегенде, үш күннен кейін шығады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ш.Сәрсенғалиев.