"Боран" ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды

0
388

Іздестіру карточкасынан іс 2024 жылғы 26 қарашада Алматыда тіркелгені белгілі болды.


Сурет: Instagram/dauren.mussa

ERNUR.KZ. "Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ Бас директоры Дәурен Мұсаға іздеу салынды. Алматы полициясының баспасөз қызметі жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Мұса 26 қарашадан бастап, яғни үш күннен бері іздестіріліп келе жатқаны атап өтілді.


"Боран" ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 17:02

Сурет: qamqor.gov.kz


Іздестіру карточкасынан іс 2024 жылғы 26 қарашада Алматыда тіркелгені белгілі болды. Бастамашы-Қазақстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ).

Бұл ретте Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі шағын түсініктеме берді.

"Аталған адамды Алматы ПД криминалдық полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) іздеуде. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дәурен Мұса 2020 жылы танылды. Сол жылы "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған кеңестік "Боран" ғарыш кемесінің көшірмесін сатып алуға ниеін білдірген. Кеме қазақстандық кәсіпкерге тиесілі болған.

Бұған дейін Ақмола облысында жалған банкноттарды айырбастауға әрекеттенген жағдай тіркелгені хабарланған болатын.