​Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

0
217

Аталған тур 14 және 15 маусым күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, жексенбіге 3 кездесу белгіленген.


​Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

Фото: «Тобыл» футбол клубы

ERNUR.KZ. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-туры басталады, деп жазады inform.kz.

Аталған тур 14 және 15 маусым күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, жексенбіге 3 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 18:00-де «Атырау» мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақтөбе», 20:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Ал 15 маусымда 18:00-де «Астана» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.
Айта кетсек, қазірге дейін көш басында 27 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 26, «Ақтөбенің» 25 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейін Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 7, Марин Томасов («Астана») пен Марин Томасов («Астана») 6 гол соғып үлгерді.