Олардың тәжірибесі, кәсібилігі мен ерлігі – ел үшін сенімді тірек және жас ұрпаққа үлгі.
ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде.
Қазақстанда 21 сәуір күні мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлғалардың, шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін, сондай-ақ стратегиялық маңызды нысандар мен мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардың қорғалуын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіледі. Мемлекеттік күзет қызметі – жоғары жауапкершілік, мінсіз тәртіп және әрдайым жоғары деңгейдегі даярлықты талап ететін сала. МКҚ қызметкерлері өз борышына адалдығымен, сабырлылығымен және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуымен ерекшеленеді.
ҚР МКҚ қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтаймыз! Олардың тәжірибесі, кәсібилігі мен ерлігі – ел үшін сенімді тірек және жас ұрпаққа үлгі.


