Бүгін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді

0
570

1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 жылғы КСРО құру туралы Келісім жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды.


Бүгін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді

ERNUR.KZ. Бүгін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп жазады baq.kz.

"Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді" , - делінген таратылған хабарламада.

1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 жылғы КСРО құру туралы Келісім жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды.

1991 жылы 13 желтоқсанда Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.

1991 жыжы 20 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.

Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.

1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, алайда 2009 жылы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет емес және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшесінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлық бойынша әрекет етеді. Достастыққа мүше мемлекеттері - халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілер.