Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобының қызметкерлері азаматтарды қайыққа отырғызып, жағаға жеткізді.
Фото: Pinterest.com
ERNUR.KZ. Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, төрт адам суда қалды, деп жазады stan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Алтайка ауылының маңында болған.
"Оқиғадан алыс емес жерде балықшы адамдарды байқап, төртеуін де өз қайығына отырғызды. Бақытымызға орай, барлығы құтқару кеудешелерін киіп алған", – деп атап өтті министрлік.
Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобының қызметкерлері азаматтарды қайыққа отырғызып, жағаға жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет емес.
Еске салсақ, Алакөлде 63 жастағы әйелді қайық басып кеткен еді.