Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді

0
710

Катонқарағай ауданының әкімі ТЖ бөлімінің басшысымен және Қазгидромет өкілімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді.


Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді

ERNUR.KZ. Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылының тұсындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтеріліп кетті. Жергілікті атқарушы органдар жағдайды бірден бақылауға алды, деп жазады baq.kz.

Кеше кешкі сағат 19.00-де мұндағы судың деңгейі 335 см-ге жетті. Сағат 20.00-ден бастап 330 см-ге дейін біраз төмендеген. Жалпы судың қауіпті деңгейі – 300 см.

Катонқарағай ауданының әкімі ТЖ бөлімінің басшысымен және Қазгидромет өкілімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Өзен суы арнасынан тасымады, бөгеттен аспаған, әзірге су басу қаупі жоқ. Жағдайды бақылауда ұстау үшін ШҚО ТЖД-нің 4 қызметкері сол жерде тікелей мониторинг жасап отыр, - делінген ақпаратта.