Бұрқасын мен көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасадыl

0
606

​Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді


Бұрқасын мен көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасадыl

ERNUR.KZ Қазгидромет 28-30 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп жазады sputnik.kz

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, елдің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болады.

28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Батыста ауа температурасы түнде -5...+6°C-тан 0...+8°C-қа дейін құбылады. Ал күндіз +5...+15°C болады.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -3...-8°C-тан -3...+5°C-қа құбылады, күндіз 0...+8°C болуы мүмкін.

Орталықта түнде ауа температурасы -5...-10°C-тан жоғарылайды, күндіз 0°C-тан -10°C-қа дейін құбылады.

Шығыста түнде 0...-7°C-тан 0...-5-ке дейін ауысады, күндіз 5-15°C жылы.

Оңтүстікте түнде -5...+8°C шамасында болады, күндіз +7...+15°C жылы болады деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы төмендейді, күндіз 10-18°C-тан 7-15°C аралығында құбылады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 28-29 қазанда күн бұлтты, түнде -1...-3°C, күндіз +5...+6°C жылы болады. 30 қазанда қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +2, күндіз +4°C көрсетеді.

28 қазанда Алматыда күн бұлтты, түнде +6°C, күндіз +13°C жылыны көрсетеді. 29-30 қазанда жаңбыр жауады, түнде +5...+6°C, күндіз +10...+11°C жылы болады.

Шымкентте 28-29 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +9...+11°C көрсетеді. 30 қазанда күн ашық, түнде +2°C, күндіз +15°C болады.