Денсаулық министрі COVID-19 індетімен күрестегі оң өзгерістерді атады

0
583

Министр екі апта ішіндегі оң нәтижелерді жариялады.


Денсаулық министрі COVID-19 індетімен күрестегі оң өзгерістерді атады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 індетімен күресте кейінгі екі аптада қол жеткен оң нәтижелерді атады, деп жазады ҚазАқпарат.


«Жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жетті: тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 ауруынан жазылғандардың саны 60 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі - 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі - 6 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекті сертификаттау мен тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, бір реттік тасымал процедурасы оңтайландырылған.


«Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмек тізімін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Дәрі-дәрмектің 1 айлық қоры жасақталуда. Осы жылдың 22 шілдесіне дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі», - деді ол.