Ақмарал Әлназароваға Рамазан айында балалардың ораза ұстауы қаншалықты қауіпсіз деген сұрақ қойылды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстағаны жөн бе деген сұраққа жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Мәжіліс алаңында Ақмарал Әлназаровадан Рамазан айында балалардың ораза ұстауы қаншалықты қауіпсіз деген сұрақ қойылды.
Министр, жалпы алғанда, балалардың денесі өте тез өсетінін және метаболизмнің жоғарылауына байланысты энергия шығыны өте жоғары екенін түсіндірді. Сондықтан бала берген энергияны дер кезінде толықтыруы керек.
Әрине, мұны әрбір ата-ана ең алдымен түсінуі керек және баланың болашақта дамуы үшін уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану өте маңызды деп есептеймін. Әр ата-ана жасына қарай балаға рұқсат беру-бермеуді өзі шешеді. Менің ойымша, белгілі бір жасқа дейін бала әлі де қоректік диетаны қабылдауы керек, – деді Ақмарал Әлназарова.
Ақмарал Әлназарова бала 16-17 жасқа дейін барлық мүшелері толық қалыптасып біткенше құнарлы тамақтану керек екенін түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады.