Денсаулық сақтау саласына бірыңғай ҚҚС мөлшерлемесін енгізу ұсынылды

0
91

2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болады, деп мәлімдеді сала өкілдері


Денсаулық сақтау саласына бірыңғай ҚҚС мөлшерлемесін енгізу ұсынылды

фото : Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Астанада "Аманат" партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.
Отырыс барысында "Қазақстан фарммединдустрия" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды. Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:
шикізат пен жабдық – 16% ҚҚС;
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек – 0%;
дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.