Мемлекеттік награда ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді. Олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар, - деп жазалыған Құжатта.