Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын жариялады

0
470

Димаш сондай-ақ егер карантинге байланысты тыйым болмаса әлемнің барлық еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық түсірілімдерге қатысатынын айтты.


Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлаймын. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақытты оқшаулануда өткіздім, осы мерзім ішінде Қытайдағы командаммен іске асыратын көптеген жоспар құрып қойдым», - деп жазды әнші.

Димаш сондай-ақ егер карантинге байланысты тыйым болмаса әлемнің барлық еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық түсірілімдерге қатысатынын айтты.

«Иә, әлемдегі карантин менің жоспарларыма әсер етті. Бірақ осы сәттен бастап сіздерді шығармашылығыммен одан да көбірек қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін!», - деді Д.Құдайбергенов.

Еске салайық, бұған дейін Димаш «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) көш бастап тұрғанын жазған едік. Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады.

Сондай-ақ ол Ресейдің Сочи қаласындағы «Новая волна 2021» фестивалінде қобыздың сүйемелдеуімен ән айтып, жаңа композициялардың тұсауын кесті.