Концерт 24 мамыр күні өтуі тиіс еді.
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токиода жоспарланған концертін өткізбейтін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қымбатты достар, Жапонияда «Токио джаз» жобасы аясындағы 24 мамырға жоспарланған концертімнің өтпейтінін өкінішпен хабарлаймын. Жақын арада барлығы түзеліп, Жапонияда ғана емес, көптеген елдерде кездесеміз деп үміттенемін. Сіздеді шексіз жақсы көремін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бұған дейін әнші коронавирусқа байланысты «Arnau Tour» әлемдік турнесін кейінге қалдырған еді.