Димаш Жапониядан алған әсерімен бөлісіп, Токио тұрғындарына Қазақстан туралы қызықты деректерді айтып берді.
ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген Токиодағы Азия-Тынық мұхиты әндер фестиваліне құрметті қонақ ретінде шақырылды. Жобаны сол өңірдің "Евровидениесі" деп атайды, деп жазады sputniknews.kz.
Әнші тыңдармандардың сүйікті әніне айналған Sos d'un terrien en détresse композициясын орындады.
"Құрметті достар, мен сіздердің алдарыңызда тұрғаныма өте қуаныштымын. Жапония керемет. Мен қонақжайлық пен қаланың сұлулығы әрі тазалығына тәнті болдым", - деді қазақстандық жұлдыз.
Димаш тыңдармандарына Қазақстан туралы айтып берді. Ол еліміздің сан ғасырлық тарихы бар екенін атап өтті.
Дегенмен бұл фестивальде танымал әншілер өзара бақ сынаспайды. Былтыр ABU Song Festival Түрікменстанда өткен болатын.