Дүкендерде азық-түлік бағасын төмендететін арнайы сөрелер пайда болады

0
82

Акция ресми түрде 25 қыркүйектен басталады.


Дүкендерде азық-түлік бағасын төмендететін арнайы сөрелер пайда болады

ERNUR.KZ. Қазақстан дүкендерінде арзандатылған бағамен азық-түлік сөрелері пайда болады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді.

Акция ресми түрде 25 қыркүйектен басталады.

Қазақстанда "Береке Fest" акциясы басталады. Оған 80-нен астам сауда желісі қатысады, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, сауда орындарында фермерлерден тікелей жеткізілген өнімдер қойылатын арнайы бөлімдер жасақталады.

Тауарға қосылатын үстеме 15%-дан аспайды. Бұл заңмен бекітілген норма. Демек, өндірушілер тікелей тұтынушыларға шығады. Бағалар жеткілікті деңгейде қолжетімді болады деп күтеміз, – деді Арман Шаққалиев.