Финалда Кәрім Қырғызстан спортшысынан басым түсті.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Кәрім Нұрталап Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды, деп жазады sputnik.kz.
Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде аударыспақтан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
Финалда Кәрім Қырғызстан спортшысынан басым түсті. Аударыспақтан сынға түскен отандасымыз Өзбекстан өкілін жеңіп, келесі кезеңге шыққан болатын.
Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатыр. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.


