Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды

0
88

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды

Фото: Алматы ПД

ERNUR.KZ. Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан күдікті қолға түсті, деп жазады Skifnews.kz.

Полицияның мәліметінше, ер адам онлайн-платформада хабарландыру орналастырып, екі билет сатқан.

Алайда олар шынайы болмай шыққан – иелері концертке кіре алмаған.

"Заң мен тәртіп" қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.