Екі облыста газбен жүретін автокөліктерді айыппұл тұрағына жіберіп жатыр

0
6 408

Газ жабдығы орнатылған көліктерді жабық тұрақтарға қоюға болмайды.


Екі облыста газбен жүретін автокөліктерді айыппұл тұрағына жіберіп жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында газ баллон жабдығы бар көліктер айыппұл тұрағына жөнелтіліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Республика аумағында "Газбаллон" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер жабық паркингтерде газ жабдығы бар машиналардың бар-жоғын тексеріп жүр. Олар тұрғындарға газбен жүретін автокөліктерді тұраққа қоюға тыйым салынатынын түсіндіруде.
"Рейд барысында автокөліктерге тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан автокөлік иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттары жоқ, газ баллон жабдықтары бар 5 автокөлік айыппұл тұрағына жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Орал қаласында сауда ойын-сауық орталықтары мен тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталды. Олар бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Газбаллон" жедел профилактикалық шарасы жалғасуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін, газ баллон жабдығы орнатылған автокөліктерді өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтерде қоюға тыйым салынғанын атап өтті.